18 қыркүйек 2023 09:36

Солтүстік Қазақстан облысына екі аптадан бері әкім тағайындалған жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Солтүстік Қазақстан облысында әлі жаңа әкім тағайындалған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысында әлі жаңа әкім тағайындалған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 4 қыркүйекте өңірдің бұрынғы әкімі Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі облысқа жаңа әкім әлі тағайындалмағанын және оның міндеттерін оның бұрынғы төрт орынбасары атқарып жатқанын растап, өңірді басқару олардың арасында бағыт бойынша бөлінгенін мәлімдеді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағамбетов ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен, жер қатынастары, стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджетті дамыту және бюджетаралық қатынастар мәселелеріне жетекшілік етеді. Сондай-ақ оның міндетіне салық саясаты, коммуналдық меншік, жекешелендіру, білім беру және ветеринария мәселесі кіреді.

СҚО әкімінің орынбасары Сатжан Аблалиев құрылыс, сәулет және қала құрылысы, көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту, ТКШ және энергетика мәселелеріне жетекшілік етеді. Сондай-ақ жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау, көші-қон, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау, еңбек қатынастары мәселелеріне жауап береді.

Облыс әкімінің үшінші орынбасары Рүстем Құрманов индустриялық-инновациялық даму, кәсіпкерлікті дамыту, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл саясаты және мұрағат ісін дамыту, өңірдегі дене шынықтыру мен спорт, туризмді дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді. Сонымен қатар, Құрманов міндетіне табиғи ресурсты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және су қатынастары мәселелері кіреді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы Олжас Ыдырысов қоғамдық-саяси ахуал, дін, конфессияаралық және ұлтаралық келісім, сондай-ақ цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету мәселелеріне жетекшілік етеді.

Еске салайық, СҚО-ның экс-әкімі Айдарбек Сапаров 2022 жылы желтоқсанда осы лауазымға тағайындалған еді. Бұған дейін ол екі жылдан астам ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети