Солтүстік Қазақстан облысында карантин күшейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында карантин күшейтіледі Фото: Рустам Файзулин

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың саны көбеюіне байланысты карантин шаралары күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандардың саны көбеюіне байланысты карантин шаралары күшейтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

СҚО-да соңғы күндері коронавирус симптомдары анық көрінетін науқаустардың саны көбейген. Бұл туралы ОКҚ брифингінде хабарланды. Соңғы үш тәулікте өсім 16,6 пайыз болған.

"Мұндай қарқын аймақта жағдайдың күрт нашарлауына әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан карантин шараларымен бірге облыста санитарлық режим күшейтіледі. Қазіргі жағдайға байланысты аймақтық комиссия балалар лагерін, кинозалдарды, компьютер клубтарын, сауда ойын-сауық орталықтарындағы ойын алаңдары мен фудкорттарды ашу мерзімін кейінге шегеру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ бұған дейін қабылданған шешімдер бойынша бірнеше шектеу енгізіледі", - деді СҚО әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев.

СҚО-да коронавирус жұқтырған жалпы 84 адам тіркелген. Оның сегізі соңғы тәулікте анықталды.

Еске салайық, Солтүстік Қазақстан облысында карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету 28 сәуірден басталды. 80 мың адам жұмысқа қайта оралды. 

Сондай-ақ соңғы тәулікте (12 маусымда) Қазақстанда коронавирус жұқтырған 366 адам анықталды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети