03 сәуір 2016 16:55

Солтүстік Қазақстан облысындағы Жаңажол ауылы су басудан құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметі © ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында суды бұрып жіберу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІД ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысында суды бұрып жіберу жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІД ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

"Астананың өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесінің 15 адамнан және 3 техникадан құралған екінші тобы 1 сәуірде Шал ақын ауданының Сергеевка қаласына келіп, Жаңажол ауылындағы үйлерді су басуға қатысты алдын-ала ескерту шараларын жүргізді. Олар күрделі жағдайда, белге дейін жететін мұзды судың бойымен су бұрғыш канал арнасының 30 метрін тазартты, ол жерлер қарға толып қалған. Осылайша, ауыл су басудан құтқарылды", - деді Иманқұлов.

Еске сала кетейік, өткен жылы Жаңажол ауылы су тасқынынан айтарлықтай зардап шеккен елді мекендердің тізіміне кірді.

Ресми өкілдің айтуынша, Астанадан 1 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Смирнов ауылына өрт сөндіру мен апаттан құтқару тобының қызметкерлері жұмылдырылды. "Өрт сөндіру-сору станциясы мен жеңқұбырлы АР-2 автомобилінің тәулік бойғы жұмысының нәтижесінде 2016 жылдың 3 сәуірінде 16 мың текше метр су сорылып, судың көтерілу деңгейі айтарлықтай төмендеді, тұрғын үйлерде су басу жағдайын болдырмау шаралары жүргізілді. Жұмыс әлі де жалғасып жатыр", - деп хабарлады Иманқұлов.

© ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары 2016 жылдың 1 сәуірінде қардың тез еріп кетуі мен қызыл судың жайылуына байланысты СҚО Аққайың ауданы Смирнов ауылындағы шеткі көшелерде орналасқан үй аулаларын су басқанын еске салды. Аулаларды су басқан, енді тұрғын үйлердің су астында қалуы мүмкін деген қауіп бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети