Ерік Сұлтанов Президент Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Ерік Сұлтанов Президент Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
СҚО-ның жаңа әкімі Ерік Хамзаұлы 1956 жылы аймаққа қарасты Шал ақын ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі. 1978-1993 жылдары "Екібастұзшахтақұрылыс" комбинатында қызмет атқарып, 1993-1994 жылдары — Екібастұз қалалық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды. 1994-1995 жылдары — Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігі жанындағы еңбек қорғау департаментінің төрағасы. 1995-1996 жылдары — "Екібастұзшахтақұрылыс" өндірістік бірлестігінің президенті. 1996-1998 жылдары — мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі Павлодар аумақтық комитетінің төрағасы. 1998-1999 жылдары — Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 1999-2000 жылдары — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің директоры. 2000-2001 жылдары — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары департаментінің сыртқы займдар жөніндегі консультанттарының бас үйлестірушісі. 2001-2002 жылдары — "Қазақавтожол" РМК бас директорының бірінші орынбасары. 2002-2004 жылдары — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және инфроқұрылымдық кешендер құрылысы комитетінің төрағасы. 2004-2005 жылдары — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы. 2005-2006 жылдары — "Қазақ жолқұрылысы" ЖШС-нің бас директоры. 2006-2008 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап — "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті болған. Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13 шақырылымда депутат болып сайланған.
Облыстың бұрынғы әкімі Самат Ескендіровтың қандай қызметке тағайындалғаны әзірге белгісіз.