Солтүстік Қазақстан облысында Сергеевка қаласына дейінгі автокөлік жолдарының бір бөлігін қызыл су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында Сергеевка қаласына дейінгі автокөлік жолдарының бір бөлігін қызыл су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жайтқа куә болған Рүстем Тәукеловтің айтуынша, Шал ақын аудандық орталығына бірнеше шақырым жетпей жолды су басты. Сонымен қатар, қызыл су автокөлік жолының бірнеше аумағын басқан және олардың әрқайсысының қашықтығы 10 метрге дейін жетеді. "Мен бірінші рет осындай оқиғаға куә болдым. Өткен жылдары осыған ұқсас оқиғалар болған, бірақ ол кезде су жол арқылы өтпей, тек жолдың жағасына дейін жеткен. Құтқарушылар тасыған суды тоқтату жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кадрлардан кезекшінің жолдың оң бөлігінде тұрып маған сол жерден хабар беріп тұрғанын көруге болады", - деді 31 жастағы ер адам.
Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар комитетіндегілер Петропавл - Жезқазған автожолының 780-шақырымында жолды су басқанын хабарлады. "Жолды қызыл су басты. Қашықтығы - 10 метр, тереңдігі - 10-15 сантимер. Полиция және жол саласы кәсіпорындарының қызметкерлері ескерту белгілерін қойды, кезекшілік те ұйымдастырылды. Елді мекендерде су деңгейінің көтерілу қаупі жоқ", - деді ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Осыған дейін Төтенше жағдайлар комитетіндегілер Солтүстік Қазақстан облысы Қараағаш, Спасов, Корнеев, Байшілік, Ақсары, Городецкое және Бескөл ауылдарында қызыл суды бұрып жіберу бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлады. Құтқару жұмыстарының нәтижесінде ТЖК қызметкерлері 23 адамды эвакуациялады. Тасқынға қарсы шараларға 85 адам, құтқару бөлімшелері мен жергілікті атқару органдарының 29 техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар, Петропавл қаласында 15 тұрғын үй аумағында қызыл суды сору жұмыстары жүргізілді. Барлығы 1400 текше метр су сорылды.
Айта кетейік, су басу кезінен бастап еліміздің қауіпті өңірлерінде 17 адам құтқарылды. Сонымен қатар, 653 адам көшіріліп, олардың 341-і үйлеріне қайтты. 349 адам әлі күнге дейін туыстарында тұрып жатыр. Бұдан басқа су басқан аудандардан 1503 ірі және ұсақ мүйізді қара мал қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгінгі таңда 1243 ірі және ұсақ мүйізді қара мал шаруашылықтарға қайтарылды. Сонымен қатар, автокөлік жолдарының 175 су басқан учаскесінің 112-сі қайта қалпына келтірілді.