Солтүстік Қазақстанда малшыға найзағай түсіп қаза тапты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстанда малшыға найзағай түсіп қаза тапты

Солтүстік Қазақстанда найзағай түсу салдарынан малшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстанда найзағай түсу салдарынан малшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің ресми Telegram-арнасында Солтүстік Қазақстан облысының даласынан ер адамның мәйіті табылғаны жазылды. Бұл туралы хабарлама 25 мамыр түнде облыстың Аққайың ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне келіп түскен.

"Аққайың ауданына қарасты Дайындық және Ленинское ауылдарының арасынан ер адам мен оның жылқысының мәйіті табылды. 31 жастағы ер адам жайылымда мал бағып, бақташы болып жұмыс істеген. Оған найзағай түскені анықталды. Ер адам мен оның аты сол жерде қайтыс болған", - делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети