Солтүстік Қазақстанда тағайындалғанына үш ай болған әкім өлі табылды

Солтүстік Қазақстанда тағайындалғанына үш ай болған әкім өлі табылды Ерлан Смайылов. Фото:gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайылов өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында Ақжар ауданы Май ауылдық округінің әкімі Ерлан Смайылов өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше ауыл әкімінің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Ер адамның денесін үйінің ауласындағы шаруашылық қора-жайдан танысы тапқан. Шенеуніктің мұндай қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясына мемлекеттік қызметшінің қаза болу дерегін растап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатқанын атап өтті.

Жарнама
Жарнама

"18 мамырда СҚО Май ауылында 48 жастағы тұрғынның денесі табылды. Суицид дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мән-жайы анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді СҚО ПД өкілдері.

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май ауылдық округі әкімі аппаратының сайтындағы мәліметке сәйкес, Ерлан Смайылов 1977 жылы 14 желтоқсанда Май ауылында дүниеге келген. Мамандығы бойынша ол – математика және физика пәнінің мұғалімі. Туған ауылындағы мектепте ұстаз болып, кейін бірнеше жыл жергілікті ЖШС-терде еңбек еткен.

Май ауылдық округінің әкімі лауазымын небәрі үш ай бұрын – 2026 жылдың 17 ақпанынан бастап атқарған.

Айта кетейік, бұл соңғы жарты жылда Қазақстанда тіркелген әкімдердің өзіне қол жұмсауына қатысты үшінші жағдай.

2025 жылдың желтоқсанында Ақтөбе облысында өз үйінің ауласында Темір қаласының әкімі Еркін Далмағамбетов өлі күйінде табылған болатын. Ол бұл қызметте бір жарым жыл жұмыс істеген.

Ал осы жылдың 6 мамырында Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжановтың денесі табылды. Белгілі болғандай, ол қаза болар алдында жұмыстан кету туралы өтініш жазған, 5 мамырда оны қызметінен босату туралы бұйрыққа қол қойылған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама