Ақтөбе облысында бұрынғы әкім жұмыстан босатылғаннан кейін өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында бұрынғы әкім жұмыстан босатылғаннан кейін өлі табылды Қуанышбек Серікжанов. Фото:gov.kz

Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі табылды. Ақпаратты облыстық әкімдік растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Ақтөбе облысында Кеңқияқ ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қуанышбек Серікжанов өлі табылды. Ақпаратты облыстық әкімдік растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ресми мәліметтерге сәйкес, 2026 жылғы 4 мамырда Қуанышбек Серікжанов жұмыстан шығу туралы өтініш жазған, 5 мамырда оны қызметінен босату туралы бұйрыққа қол қойылған. 6 мамырда таңертең Серікжанов Кеңқияқ ауылындағы өз үйінде өлі табылған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті 1983 жылы туған ер адамның өлімі дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталғанын хабарлады.

"Тергеу аясында оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды",- деді ведомство өкілдері.

Қуанышбек Серікжановтың мемлекеттік қызметте 2013 жылдан бері еңбек еткені, ал ауылдық округ әкімі лауазымын 2023 жылдан бастап атқарып келгені белгілі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысы Темір әкімінің өлі табылғаны туралы жазған болатынбыз. Әріптестерінің айтуынша, Еркін Далмағамбетов қаза болар алдында достары және сыныптастарымен кездескен. Кейін ол біраз уақытқа шығып, қайтып келуге уәде берген. Бірақ соңында мемлекеттік қызметші өз ауласында асылған күйінде табылды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.41   543.53   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер