Соңғы алты жылда небәрі 34 қазақ қызы қытайларға тұрмысқа шыққан - министр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Эльфия Гарипова © Эльфия Гарипова

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев алты жылда этникалық қытайлармен некеге тұрған қазақстандық қыздар саны небәрі 34 екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев алты жылда этникалық қытайлармен некеге тұрған қазақстандық қыздар саны небәрі 34 екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы министр Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Жұмыс барысында Статистика комитетінің мынадай бір деректерін кездестірдім. Жалпы, бұл цифрлар осыған дейін Фейсбукте қызу талқыланған мәселеге қатысты болғандықтан, оқырмандарыма маңызды болар деп ойлаймын", - дей келе министр 2010 жылдан бергі статистиканы келтіреді.

Статистикаға қарағанда, 2010 жылдан бастап 2016 жылғы сәуір айына дейін ҚХР азаматтарына 253 қазақстандық тұрмысқа шыққан көрінеді. "Соның ішінде, 190 қазақ қызын Қытайда тұратын өз қандастарымыз, яғни қазақ жігіттері жар еткен. Осы уақыт ішінде, яғни алты жылда этникалық қытайлармен некеге тұрған қыздар саны - небәрі 34. Ал, осы кезең ішінде Қазақстанның 277 азаматы ҚХР қыздарына үйленген. Соның ішінде 244-і - Қытайда тұратын қазақ қыздарымен бас құраған қазақ жігіттері", - деп жазды Дәурен Абаев.

Еске салайық, қазақстандықтар Бейжіңнен келеді делінген дөкей қытайларға қазақстандық қалыңдықтарды жинау туралы хабарландыруға наразы болған еді. Осындай мазмұндағы хабарлама Facebook әлеуметтік желісіндегі "Доска объявлений Алматы, Астана" паблигінде жарияланған. Хабарламада Бейжіңнен келген дөкей жігіттер тобы қазақстандық қыздар мен шынайы қарым-қатынас құру үшін келе жатқаны айтылады. Бұдан кейін Қазнетте ұлтаралық неке тақырыбы қызу талқылана бастаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro