Соққыға жығылған "Ертіс" футбол клубының басшысы қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соққыға жығылған "Ертіс" футбол клубының басшысы қызметінен кетті ©"Ертіс" футбол клубы

Өткен мамыр айында соққыға жығылған "Ертіс" футбол клубының директоры Хәлімжан Ержанов денсаулығына байланысты қызметтен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі клубтың ресми сайтынан сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өткен мамыр айында соққыға жығылған "Ертіс" футбол клубының директоры Хәлімжан Ержанов денсаулығына байланысты қызметтен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі клубтың ресми сайтынан сілтеме жасап. 

"Бүгін денсаулығына байланысты Хәлімжан Ержанов "Ертіс" футбол клубының директоры қызметінен кетті", - делінген ресми хабарламада. 

Айта кетейік, мамырдың 18-і күні "Ертіс" футбол клубының басшылығына шабуыл жасалған болатын. Лифттен шығар жолда клубтың техникалық директоры Болат Ысқақов пен бас директор Хәлімжан Ержановқа белгісіз біреулер жабылып, соққыға жыққан. Соның салдарынан Ысқақов басынан қатты жарақат алды. Ал Хәлімжан Ержанов аурухана қызметінен бас тартты.

Бір айдан кейін осы қылмысқа қатысы бар деген төрт адам ұсталды. Олардың ішінде ұйымдастырушы мен атқарушылар бар. Барлығы - Павлодар қаласының тұрғындары. Жастары - 28-30 шамасында. Екеуі бұған дейін қарақшылық пен адам өлтіргені үшін сотталған болатын. Қылмыскерлер бетперде киіп, шабуыл жасаған. Күдіктілердің біреуі маусымның 13-інде қолға түссе, қалғаны 14-15-і күндері ұсталған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети