Атырауда апелляциялық сот Бақытгүл Хаменованың ісіне байланысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Атырауда апелляциялық сот Бақытгүл Хаменованың ісіне байланысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Апелляциялық сот бұған дейінгі сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. Хаменова сотты соңғы сөзін айтты.
"Бүгінде қарға қарғаның көзін шұқыған жоқ. Өңірдегі судьялардың дербес, әділ шешім шығаруда ешқандай билігі жоқ екендігіне көз жетті. Өңірдегі құқық қорғау органдарына сенің ақиқатыңның құны көк тиын. Менің ешкімім жоқ. Оны бәрі біледі. Ендігі үміт тек Жоғарғы Сотта. Адамның сотынан құтылғанмен, Алланың сотынан ешкім құтылмайды. Мен өзімнің шындығымды, ақтығымды дәлелдеу үшін соңына дейін күресемін", - деді Бақытгүл Хаменова журналистерге берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақытгүл Хаменова мен Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев Атырау қаласында Абай ескерткішін орнату бойынша 145 миллион теңге сомасына "мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС басшысынан 4,5 миллион теңге пара алды" деген күдікке ілінген еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!