Екі қыздың ата-анасы балаларының кіммен тұруы керек екені туралы дауласып, барлық сот инстанциясынан өткен. Жоғарғы сот олардың дауына нүкте қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екі қыздың ата-анасы балаларының кіммен тұруы керек екені туралы дауласып, барлық сот инстанциясынан өткен. Жоғарғы сот олардың дауына нүкте қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ерлі-зайыптылар 8 жыл некеде тұрып, ажырасқан. Ажырасу кезінде сот олардың кәмелетке толмаған екі қызының (5 және 9 жастағы) әкесімен бірге тұратынын анықтады. Анасынан әкесінің пайдасына оларды асырап-бағуға - кәмелетке толғанға дейін ай сайын жалақысының және өзге де табысының 1/3 бөлігі, яғни алимент өндіріп алынды", - делінген хабарламада.
Апелляция бұл шешімді өзгертті: балалар анасына қалдырылды және оның пайдасына әкесінен алимент өндірілді. Қыздардың әкесі бұл шешімге кассацияда қарсылық білдірді.
"Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы істі зерделеп, мынаны көрсетті. Бірінші сатыдағы сот балалардың әкесімен тұратын жерін анықтап, анасының ата-ана міндеттерінен өздігінен шеттетілгенін атап өтті. Балаларды асырау мен тәрбиелеу ауыртпалығын олардың әкесі көтерген. Жоғары сот кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мақсатында балалардың әкесімен тұруын анықтап, апелляциялық сот актісінің күшін жойды".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!