Сот Бишімбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босату өтінішін қабылдамады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Бишімбаевты қылмыстық жауапкершіліктен босату өтінішін қабылдамады Қуандық Бишімбаев. © Тұрар Қазанғапов

Биыл 7 қараша Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен істің өзге де 22 фигурантына қатысты басты сот отырысы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл 7 қараша Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен істің өзге де 22 фигурантына қатысты басты сот отырысы өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот отырысы кезінде судья 23 фигурант адвокаттарының оқыған өтініштерінің көбін қанағаттандырмай тастады. Мұның алдында Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары бұрынғы министрге қатысты айыптардың негізсіз деп, оған қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұраған. 

Адвокаттар Мусин мен Рахманов айыпталушы Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтату өтінішін оқыды. Сот бұл мәселені талқылауға салды: бұл кезеңде дәлеледер бағаланбайды және зерттелмейді. Тек сот отырысында судья куәгер, айыпталушы, зардап шегуші тарап пен мамандарды тыңдап, заттық дәлеледерді қарау керек. Осыған байланысты өтінішті бұл кезеңде қанағаттандыру мүмкін емес", - дейді судья Әділхан Шайхисламов. 

Сонымен қатар, судья істің өзге де фигуранттарының қорғаушылары сұраған бұлтарпау шарасын өзгерту туралы өтініштерін қанағаттандырмады.

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев пен бұл істің өзге де 22 фигурантына қатысты алдын ала тыңдаулар 31 қазанда басталған. Бүрынғы ұлттық экономика министрі ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тарауы "Пара алу" және 189-бабының 4-тарауының 2-тармағы "Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену немесе талан-таражға салу" бойынша айыпталуда.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети