Сот бұрынғы шенеунік Әлтаевты президенттікке ұсынуға қатысты шешім шығарды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот бұрынғы шенеунік Әлтаевты президенттікке ұсынуға қатысты шешім шығарды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Астананың "Байқоңыр" аудандық соты бұрынғы шенеунік Нұржан Әлтаевты алдағы сайлауда президенттікке кандидат ретінде ұсынуға қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың "Байқоңыр" аудандық соты бұрынғы шенеунік Нұржан Әлтаевты алдағы сайлауда президенттікке кандидат ретінде ұсынуға қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігі Әлтаевты кандидат ретінде ұсынған болатын. Алайда бірлестіктің бірнеше мүшесі жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінген.

"Ғазиза Әмірбекова, Анар Аябергенова, Майра Әбдірахманованың "Мұқалмас" РҚБ жалпы жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талабы қанағаттандырылсын. "Мұқалмас" РҚБ жалпы жиналысының 2022 жылғы 6 қазандағы №19-2022 хаттамасы жарамсыз деп танылсын. Сот жалпы жиналыста РҚБ мүшелерінің көпшілігі кезектен тыс президент сайлауына Нұржан Әлтаевтың кандидат ретінде ұсынылуына қарсы дауыс бергенін анықтады. Аталған мән-жайлар осы жалпы жиналыс бейнежазбасымен расталды, онда кандидат Әлтаевқа - 11 адам қарсы, алты адам жақтап дауыс бергені және куәгерлердің түсіндірмелері көрсетілген", - деді судья Лаура Сүйіндікова.

Сонымен қатар, судьяның айтуынша, "Сайлау туралы" заңда қарастырылған партиялардың құқықтары, атап айтқанда, сайлау және сайлану құқықтары бұзылады. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети