Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің үкімі өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовтің үкімі өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2017 жылдың 27 маусымында Астана соты бұрынғы білім және ғылым вице-министрі және "ҚР салынып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы" ЖШС Саят Шаяхметовке қатысты бірінші инстанция үкімін өзгеріссіз қалдырды, сотталушылардың шағымын қанағаттандырмады", - делінген қалалық прокуратураның таратқан хабарламасында.
2017 жылдың 2 мамырында Саят Шаяхметов және Александр Ли жеті жылға сотталған болатын. Олар Өскеменде машина жасау саласы қызметкерлерін даярлау орталығы және студенттер жатақханасын салуға бөлінген қаржысын жымқыру ісіне қатысты.
Айта кетейік, Саят Шаяхметовке қатысты қылмыстық іс 2013 жылдың сәуірінде басталған еді. Қазір бұл істің тағы бір фигуранты "ЗАК Сервис" ЖШС өкілі Роман Кериев тергеуден қашып, халықаралық іздеуде жүр.