11 сәуір 2018 11:53

Сот Ерлан Біләлға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын қайтарып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Біләл. © "Алматы" телеарнасының кадры Ерлан Біләл. © "Алматы" телеарнасының кадры

Сот Ерлан Біләлға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын қайтарып берді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 


Сот Ерлан Біләлға "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын қайтарып берді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. 

Судья "Құрмет орденін" қайтару өтінішін қараусыз қалдырса да, Ерланға "Қазақстаның еңбек сіңірген қайраткері" атағын қайтарып берді. 

"Болған оқиғаға атақ-дәреженің еш қатысы жоқ. Өйткені мен шығармашылық адам ретінде сол Қазақстанның еңбек сіңірген атағын алған болатынмын. Ойнаған рөлдерім үшін, актер ретінде. Сол атағыма әділетті шешім қабылдап, соттың шешім қалдырғанына үлкен алғысымды білдіремін. Бәріне тәубе деп қарайтын  халықпыз ғой. Сондықтан ер жігіттің мойнында қыл арқан шірімес. Көтереміз шама-шарқымыз келгенше", - деді  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс Ерлан Біләл. 

Сонымен қатар, сотта "Сезам" театрының директоры Қайрат Баянов соттан Ерланнан моральдік шығын ретінде бір миллион теңге өндіріп беруді талап еткен. "Сезам" театрының директоры апелляциялық сотқа қайта шағым түсіріп, моральдық шығын ретінде Ерлан Біләлдан бір миллион теңге өндіріп беруді талап еткен. 

Баянов шағымды өзі емес, адвокаты жазғанын айтса да, бір миллион теңге өндірудің себебін ақыры судьяға  түсіндіріп, дәлелдеп  бере алмады. Прокурорда "Сезам" театрының директорының шағымын қараусыз, бұрынғы үкімді күшінде қалдыруды қолдады. Моралдық шығын өтеуден құтылған соң әртіс өзінің атағын қайтарып беру туралы өтінішінде судьяға жеткізіп үлгерді. 

Еске салайық, ақпанның 7-сінде Алматының Алмалы аудандық соты Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бұрынғы директорына "пара алуға әрекеттену" айыбын тағып, оған  52 миллион 500 мың теңге айыппұл салған еді. Бір ғана жалақыға қарап отырған әртіс қомақты қаржыны әлі төлеп бітіре алмағын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети