Сот Ерлан Қожағапановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Ерлан Қожағапановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды Фото:primeminister.kz

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды. Бұған дейін ол үш жылға бас бостандығынан айырылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты үкім өзгеріссіз қалдырылды. Бұған дейін ол үш жылға бас бостандығынан айырылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы сот Ерлан Қожағапановқа қатысты үкімді күшінде қалдырды. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне қалалық соттың баспасөз қызметі растады.

Айта кетейік, 2025 жылғы мамырда Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановты үш жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сондай-ақ оған мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге өмір бойына тыйым салынды.

Вице-министр 2024 жылдың 1 наурызынан бастап қамауға алынып, қамауда отырған. Үкім заңды күшіне енгенге дейінгі қамауда болған уақыты жазасын өтеу мерзіміне есептеліп, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу кезінде бір күн бір жарым күнге теңестірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети