Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Сот "Эйр Астана" АҚ ақпарат ұсынбағаны үшін жауапқа тарту туралы Монополияға қарсы органның шешімін қолдады

13 Қазан 2016, 16:18
0
© Tengrinews.kz
© Tengrinews.kz

Сот "Эйр Астана" АҚ ақпарат ұсынбағаны үшін жауапқа тарту туралы Монополияға қарсы органның шешімін қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бұл шешім 2016 жылдың 11 қазанында қабылданған. "Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты тергеп-тексеру жүргізу басталғанға дейін сұратылған ақпаратты ұсынбағаны үшін авиатасымалдаушыны әкімшілік жауапқа тарту жөніндегі ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің қаулысын жою туралы "Эйр Астана" АҚ талап-арызынан бас тартты", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомстводағылар 2016 жылдың 7 қазанында "Эйр Астана"  әуе компаниясындағылардың монополияға қарсы ведомствоның қызметкерлерін ғимаратқа кіргізбеуіне байланысты әкімшілік істің қозғалғанын айтты.

Айта кетейік, осыған дейін "Эйр Астана" компаниясы өкілдерінің тексерушілерді кеңсеге кіргізбей қойғаны айтылған болатын. 2016 жылдың 7 қазанында әуе компаниясындағылар монополияға қарсы ведомствоның қызметкерлерін ғимаратқа кіргізбеген. "Қазақстанның монополияға қарсы органы ғимарат ішінде тергеу жұмыстарын жүргізуі тиіс монополияға қарсы ведомство қызметкерлерінің жұмысына кедергі келтіргені үшін "Эйр Астана" АҚ қатысты әкімшілік құқық заң бұзушылық дерегі бойынша іс қозғады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, "Эйр Астана" әуе билеттерінің бағасы қымбат болуына байланысты тергеу жұмыстары басталған болатын. Кейін "Эйр Астана" өкілдері әуе билеттерінің қымбаттауына қатысты түсінік берген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай