18 желтоқсан 2024 | 12:48

Сот Қазақстандағы уақыт белдеуіне қатысты шешім шығарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Midjourney Midjourney

Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты азамат А.-ның Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 және оған өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулыны заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюы бойынша істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты азамат А.-ның Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 және оған өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулыны заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюы бойынша істі қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Шағымдалған №20 қаулының 3 және 3-1 тармақтарында:

  • "3. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылсын";
  • "3-1. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырсын" - деп көрсетілген.

Талап қоюда уақыт белдеуінің астрономиялық уақытқа сәйкес келмейтіндігі, жаңа НҚА қабылдауға әкеп соғатындай мәтінінің жартысынан асатын көлемде өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдауға жауапкердің өкілеттігінің жоқтығы көрсетілген.

"Сонымен қатар, 2000 жылғы 23 қарашадағы қаулы қабылданғаннан бері 24 жылдан астам уақыт өткен, талап қоюшы талап қоюдың жалпы үш жылдық ескіру мерзімін өткізіп алған. Нормативтік құқықтық акт мәтінінің жартысынан астамын өзгерту туралы дәлел расталмады, бұл мән-жай Үкіметтің қаулысын заңсыз деп тануға негіз бола алмайды, себебі жауапкердің НҚА шығару рәсімі бұзылмаған".

Сот шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Талғарға жаңа әкім сайланды
Қазақстанда күн суытады
Тоқаев Жетісу облысына барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Валюта бағамы

 524.6  course up  550.92  course up  5.1  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer