Сот Қожамжаровтың туыстарының құны 2,6 миллиард теңге болатын мүлкін бұғаттады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Қожамжаровтың туыстарының құны 2,6 миллиард теңге болатын мүлкін бұғаттады Фото: gov.kz

Алматының Медеу аудандық соты бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың екі туысы мен төрт компанияның бүкіл мүлкін бұғаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының Медеу аудандық соты бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың екі туысы мен төрт компанияның бүкіл мүлкін бұғаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

6 қарашада сот "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ның Дулат Қожамжаров пен Гүлназ Қожамжарованың мүлкін, сондай-ақ келесі компанияларды бұғаттау туралы өтінішін қанағаттандырды:

  • "Ойл снаб" компаниялар тобы" ЖШС,
  • "HILL Resources" ЖШС;
  • "HILL Invest" ЖШС;
  • "AvtoTechMas Ltd." ЖШС.

"Сұралған талап шегінде 2 550 635 252,63 теңге және төленген мемлекеттік баж сомасы 76 524 956 теңге, барлығы 2 627 160 208,63 теңге мөлшерінде жауапкерлердің бүкіл жылжымалы және жылжымайтын мүлкі бұғатталсын", – делінген сот ұйғарымында.

Дулат Қожамжаров – бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың бауыры. Ол Hill Corporation компаниясына иелік етеді. 2024 жылы компания Литваның Клайпеда қаласында осындай зауыт салуды жоспарлағаны белгілі болды. Сол жылы Дулат Қожамжаров Қазақстанның 75 ең бай бизнесмені тізіміне еніп, 57-орынға тұрақтаған.

Ал Гүлназ Қожамжарова туралы ашық дереккөздерде ақпарат өте аз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети