Сот "қос азаматтығы бар" шымкенттік экс-шенеуніктің мәлімдемесіне жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: otyrar.kz Фото: otyrar.kz

Шымкенттің әл-Фараби аудандық соты қаланың дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Олег Почивалов Ресей ІІМ-нің осы елдің азаматтығы туралы мәліметтерін жоққа шығара алмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкенттің әл-Фараби аудандық соты қаланың дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Олег Почивалов Ресей ІІМ-нің осы елдің азаматтығы туралы мәліметтерін жоққа шығара алмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Олег Почиваловтың 22 ақпанда Полиция департаментіне жазған өтінішін қарастырды. Сот мәліметінше, ол өтініште Шымкенттің Полиция департаментінің әрекетін жарамсыз деп танып, оның азаматтығынан айырылғаны туралы қорытындының және осы айырылудың тіркелгені туралы хабарламаның күшін жоюды сұраған. 

Сот Шымкент полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қорытындысы бойынша Олег Почиваловтың Ресей азаматтығын алуына байланысты Қазақстан азаматтығынан айырылуы тіркелгенін анықтады.

"Бұл шешімнің негізі Почиваловта Ресей Федерациясының азаматтығы болуы, Ресейдің Ішкі істер министрлігінің Көші-қон бөлімі 2020 жылдың наурызында берген төлқұжаты бар екені туралы ақпарат болды", - деді сот.

Сот іс бойынша Ресей Федерациясының уәкілетті органының мәліметтерін сенімді дәлелдемелер деп таныды, себебі олар заңда белгіленген тәртіппен алынған.

"Почивалов пен оның өкілі сотқа бұл деректі жоққа шығару үшін дәлелдемелер ұсынған жоқ. Осыған байланысты сот Почиваловтың өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды. Шымкент соты 2021 жылғы 8 сәуірде істі қарап, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды", - деді сотта.

Еск салайық, кеше, 27 мамырда дене шынықтыру және спорт басқармасының экс-басшысы Олег Почивалов өмір бойында Шымкентте тұрып келгенін және ешқашан қос азаматтығы болмағанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, әлдекімдер "жайлы орнынан айырылып қалғаны үшін" қасақана оның жолын бөгеген. Экс-шенеунік бұл лауазымда белсенді жұмыс істегендіктен оның орнына әлдекімдерді әдейі қойғанына сенімді.  

"Қос азаматтығы бар" шымкенттік экс-шенеунік атышулы мәлімдеме жасады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro