Сот Күлекбаевқа неліктен өлім жазасын бергенін түсіндірді

Сот Күлекбаевқа неліктен өлім жазасын бергенін түсіндірді

Алматы ?алалы? соты алматылы? ат?ыш Руслан К?лекбаев?а неліктен ?лім жазасын бергенін т?сіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?алалы? ?ылмысты? істер ж?ніндегі мамандандырыл?ан сотты? т?ра?асы Мартпек К?кімжанов?а сілтеме жасап.

Алматы қалалық соты алматылық атқыш Руслан Күлекбаевқа неліктен өлім жазасын бергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың төрағасы Мартпек Кәкімжановқа сілтеме жасап.

Соттың Руслан Күлекбаевқа неліктен өлім жазасын бергені түсіндірілген видеоны Facebook желісіндегі парақшада Алматы қалалық сотының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Дияс Махамбетов жариялады.

"Осы мәселені түсіндіріп өткім келеді. Конституцияның 15-бабына және ҚР Қылмыстық Кодексінің 47-бабына сәйкес, өлім жазасы адамдардың өмірін қиып, террористік қылмыс жасаған адамды жазалауға қолданылатын ерекше шара. Сонымен қатар, Президенттің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес, Қазақстанда өлім жазасын орындауға мораторий қойылған. Президенттің Жарлығы заң болып саналады, сондықтан да ол заң ҚР аумағында сақталуы тиіс. Осылайша, Күлекбаев жазасын оңаша камерада қатаң тәртіпте өтейтін болады", - деді Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың төрағасы Мартпек Кәкімжанов.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2 қарашада Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілген болатын.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама