Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді

02 Қараша 2016, 10:27
14
Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді - Руслан Күлекбаев © Тengrinews.kz
Руслан Күлекбаев © Тengrinews.kz

Алматыда 10 адамды атқан Руслан Күлекбаевті сот өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Судья Ерлан Болат 2 қарашада сотталушыға өлім жазасын кесіп, мүлкін тәркілеу үкімін шығарды.

Сондай-ақ, сот ІІМ-нің Аян Ғалиевке мемлекеттік сыйлыққа тағайындау үшін жеке қаулы шығарды. Сонымен қатар сотталушылардан қайтыс болғандардың туыстарына миллиондаған өтемақы өндіру үкімін шығарды.

Алматыда терроризм, қару-жарақты сақтау және қарақшылық жасау бойынша айыпталып отырған Руслан Күлекбаевтің ісі бойынша тараптарды қатар тыңдау барысында 10 адамды атқан Күлекбаевті прокурор өлім жазасына кесуді сұрады. 

Процеске жәбірленушілердің және сотталушылардың туыстары келді. Тараптарды қатар тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы барлық сотталушының кінәсі дәлелденгенін және қылмыс жасалған қарудың сыбайластардың арасында еркін айналымда болғанын атап өтті. Прокурор Күлекбаевтің сыбайластары оның ниетін біле тұра, оны тоқтатпағанын мәлімдеді. Қаза болғандардың туыстары Күлекбаевті өлім жазасына кесуді сұраған прокурорды қолдады.

Күлекбаев өз әрекетін құқық қорғау органдарының оны бостандығынан заңсыз айырғандығымен түсіндірді. Айтуынша, оның жақтастарын құқық қорғау органдары заңсыз жазалаған. "Менің бауырларым құқық қорғау органдарынан жәбір көрді, оларға зәбір көрсетті. Сондықтан кек алғым келді, өкінбеймін, бірақ мен жәбірленушілердің жан күйзелісін толықтай түсінемін", - деп сөз арнады сотталушы қаза болғандардың туыстарына. "Бірақ мен қандай жаза болса да, мейлі ол өмір бойына бас бостандығымнан айыру болса да, өлім жазасына кессе де, қабылдаймын", - деп мәлімдеді Күлекбаев.

Өлім жазасына байланысты "Президенттің 2003 жылдың 17 желтоқсанындағы № 1251 Жарлығы бойынша Қазақстанда өлім жазасын орындауға мараторий қойылған. Жарлық бойынша өлім жазасының барлық түрі тоқтатылды. Дегенмен заңнама соттарға қарастырып жатқан істер бойынша бұл айрықша жазаны тағайындауға тыйым салмайды. Соңғы рет сот өлім жазасына кескен үкім 2006 жылы, 10 жыл бұрын шығарылған", - делінген Бас прокуратураның ресми сауалға берген жауабында.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Белгісіз ер адам Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Оқиға салдарынан бес адам, оның ішінде үш полиция қызметкері қаза тапты. Қалада террорлық қатердің қызыл деңгейі жарияланды. Қылмыскер ұсталды,ол бұрын істі болған Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлекбаев болып шықты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (14)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай