24 наурыз 2023 12:50

Сот Махамбет Әбжанның үкімін өзгеріссіз қалдырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Махамбет Әбжанға қатысты сот үкімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3 ақпанда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты журналистке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Махамбет Әбжанға төтенше қауіпсіздік мекемесінде тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот шешімімен келіспей, сотталушы мен оның қорғаушылары сот актісіне апелляциялық тәртіпте шағым түсірген болатын. Қорғаушы тарап Махамбет Әбжанды ақтауды сұрады.

"Сот актісінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз болмағандықтан, үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді", - деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.5   490.7   5.52 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети