Сот орындаушысын ұрған алматылық жазадан құтылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот орындаушысын ұрған алматылық жазадан құтылды Видеодан алынған кадр

Сот орындаушысын ұрған алматылық жазаланбайды. Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот орындаушысын ұрған алматылық жазаланбайды. Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі жақында тұрғын үйді бұзуға келген сот орындаушысын ұрған Мақсат Ысқақовқа қатысты "Сот орындаушыларының қызметіне кедергі келтіру" бабы бойынша жүргізілген тергеудің қорытындысы туралы хабарлады.

"Тергеу барысында сот орындаушысының шабуыл жасауға өзі итермелегені анықталды. Қолда бар видеоны зерттеп, қылмыстық іс материалдарына қостық", - деді Алматы қалалық ІІД.

Полицейлер аталған мән-жайға байланысты қылмыс құрамының, яғни сот орындаушысының әрекетіне кедергілердің жоқтығын айтты.

Еске салайық, оқиға 4 қазанда Алматыдағы тұрғын үйді бұзу кезінде болған. Ер адам сот орындаушысының қабырғасынан екі рет ұрған. Сот орындаушылар палатасы ер адам полицейлердің көзінше қызметкерді ұрып-соққанын хабарлады.

Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы осы оқиғаға қатысты сот орындаушылар палатасына жауап берген. Ал жәбірленушінің өзі видео жариялап, соққыға жыққан ер адамды қамататынын айтқан болатын. Бірақ кейін сот орындаушысы жол ережесін сақтамағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети