Сот полиция полковнигінің ұлына қатысты ақтау үкімінің күшін жойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот полиция полковнигінің ұлына қатысты ақтау үкімінің күшін жойды Midjourney

Ақтауда сот есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлына қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда сот есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлына қатысты ақтау үкімінің күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

4 маусымда Маңғыстау облыстық соты облыс прокуратурасының БҚО Полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлына қатысты арызын қарады. Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокуратураның өтінішін қарап, оны толығымен қанағаттандырып, алқабилердің ақтау үкімінің күшін жойды.

"Қылмыстық іс жаңа сот талқылауына жіберілді. Сотталушы сот залында қамауға алынды", - деп хабарлады прокуратура.

Еске салайық, 15 мамырда Ақтауда алқабилер соты есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлын ақтап шыққан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.19  course down  589.88  course down  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети