Сот Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімін ұзартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сот Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімін ұзартты © Тұрар Қазанғапов

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі қыркүйекке дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың сотына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімі қыркүйекке дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астананың сотына сілтеме жасап.

Жалғасы

"Астананың Алматы аудандық № 2 соты күдікті Қуандық Бишімбаевтың қамау мерзімін 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін ұзартты", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері ҚР Ұлттық экономика министрлігін басқарған Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын хабарлаған болатын. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.

8 айға жуық министр болған Бишімбаев Астана қалалық ІІД-нің уақытша тергеу ұстау изоляторына қамалған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети