26 мамыр 2024 | 14:59

Сот Салтанат Нүкенованың ар-намысына нұқсан келтіретін ақпарат таратқан блогерге қатысты шешім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram/_salta_n instagram/_salta_n

Сот блогер Антон Бударовтың Салтанат Нүкенова туралы жазбасын жалған деп тану жөнінде үкім шығарды. Бұл жайлы әлеуметтік желіде Нүкенованың отбасының адвокаты Дамир Ишмамбетов жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сот блогер Антон Бударовтың Салтанат Нүкенова туралы жазбасын жалған деп тану жөнінде үкім шығарды. Бұл жайлы әлеуметтік желіде Нүкенованың отбасының адвокаты Дамир Ишмамбетов жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау туралы талабы бойынша Антон Бударовқа қатысты азаматтық істі қарады. Адвокаттың айтуынша, 20 мамыр күні сот блогерге қатысты шешім шығарды.

"Бударов Антон Юрьевич көпшіліктің алдында үндеу жасау арқылы өзі таратқан ақпаратты жоққа шығаруға міндеттелді. Сонымен қатар сот шығындарына жұмсалған 650 мың теңгені Амангелді Айтбекке өндіруі керек", - дейді адвокат.

Антон Бударов өз парақшасында Салтанат Нүкенованы қаралап, оны өзін кінәлап жазба жазған.

"Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іспен бірге Салтанатты жамандағысы келген көптеген хейтерлер де пайда болды, осындай хейтерлердің бірі - блогер Бударов Антон. Ол оны қиялы жеткенше қаралады", - дейді Ишмамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети