Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 326.88
EUR / KZT - 364.90
CNY / KZT - 47.85
RUB / KZT - 5.47

Сот Сәрсекбаевтан даулы пәтерді босатуды талап етті

12 Ақпан 2014, 11:39
0
Бақыт Сәрсекбаев. ©Tengrinews.kz
Бақыт Сәрсекбаев. ©Tengrinews.kz
Боксшы, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев бапкері Кәрім Махмұдовқа сыйлаған пәтерінен шығарылады. Бұған қоса, Астанадағы Сарыарқа аудандық соты Сәрсекбаевтың пәтер келісімін жалған деп тану туралы талап арызын қанағаттандырмады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі сот залынан хабарлады.

"Бақыт Сәрсекбаевтың Кәрім Махмұдовқа пәтерді сыйға тарту келісімі мен оның мемлекеттік тіркеуге алынуын жарамсыз деп тану туралы талап арызы қабылданбасын. Сәрсекбаевтың Гүлнара Сағынбаеваға, Ерболан Сағынбаевқа қатысты Кәрім Махмұдов пен Гүлнара Сағынбаева, Ерболан Сағынбаев арасында 2013 жылдың 19 қазанында жасалған пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартты жарамсыз деп тану туралы талап арызы қанағаттандырылмасын. Ерболан Сағынбаевтың Бақыт Сәрсекбаевқа қатысты пәтерден мәжбүрлеп шығару, мүлік құқығының бұзылуын жою және келтірілген залалды өндіру туралы қарсы талап арызы ішінара қанағаттандырылсын. Бақыт Сәрсекбаев Астанадағы тұрғынжайдан онда тұрып жатқан адамдармен бірге басқа тұрғынжай ұсынылмастан, пәтер кілтін Ерболан Сағынбаевқа бере отырып шығарылсын", - деді судья Ардақ Балағұмарова.

Сот отырысында боксшы да, оның бапкері де болған жоқ. Махмұдовтың мүддесін қорғаушы өкіл Серікбол Жұмаділов шешімге қанағаттанатынын айтты.

Еске сала кетейік, танымал боксшы Бақыт Сәрсекбаев өзінің нағашысы, әрі бапкері Кәрім Махмұдовпен пәтерге байланысты соттасқан еді. Сәрсекбаевтың айтуынша, ол бапкеріне өзін Лондон Олимпиадасына дайындау үшін пәтер сыйлаған, бірақ Махмұдов өз уәдесін орындамады. Осы аралықта Махмұдов пәтерді сатып жіберген. Бейжің Олимпиадасының чемпионы сотқа шағымданып, пәтердің сату-сатып алу құжаттарын жарамсыз деп тануды сұрады. Алайда сот барысында Сәрсекбаевтың өз бапкеріне пәтерді сыйға тапсырып жатқан бейнежазбасы көрсетілді. Пәтерді сыйға тарту туралы келісімшарт заңға сай жасалып, нотариуспен мақұлданған.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай