Сот Серік Ахметовті мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырмады

Камила Долаева Журналист
© Тұрар Қазанғапов

Сот Серік Ахметовті мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот Серік Ахметовті мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сот Серік Ахметов Нығметұлына қатысты бас бостандығынан айыру және мемлекеттік органдарда қызмет ету құқығынан айыру туралы шыққан үкімнің орнына мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтіншті қабылдамады", - делінген Қазыбек би аудандық соттың үкімінде.

Бұған дейін бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің қорғаушысы оны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініштен бөлек мемлекеттік қызметке тұру құқығынан айыру туралы шешімнің күшін жоюды сұрағаны белгілі болған. 

Реклама
Реклама

Алайда прокурор Әсем Тергеубекова өтінішті қанағаттандыруға қарсы сөз айтты. Ол Қарағандының Қазыбек би аудандық пробациялық бақылау қызметінің ұсынған мәліметтерін тексеріп шыққанын, сотталушының түзелгені туралы мәліметтің аздық ететінін атап өтті. 

2017 жылдың қаңтарында Серік Ахметовке рақымшылық жасалып, мерзімі қысқарған. 2018 жылдың мамырында Серік Ахметов Қарағанды сотынан жазасын айыппұлға ауыстыруды сұраған, бірақ кейін өтінішін қайтып алды.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама