25 қазан 2019 12:51

Серік Ахметовтің адвокаты мемқызметке тұру құқығынан айыру туралы шешімнің күшін жоюды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметовтің колониядан шығып бара жатқан сәті Серік Ахметовтің колониядан шығып бара жатқан сәті

Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің қорғаушысы оны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің қорғаушысы оны мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандының аудандық сотындағы отырыс барысында адвокат Николай Лесник өз қорғауындағы экс-шенеуніктің заң талабын толығымен орындағанын, мемлекетке барлық шығынды толықтай қайтаруы мен ескерту алмағанына байланысты шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуға құқығы барын атап өтті. 

Лесник өз сөзінде Жоғарғы соттың 2015 жылдың 2 қазанындағы "Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот тәжірибесі туралы" нормативтік қаулысына негізделді.

Бас бостандығын шектеуді алып тастау мен мерзімінен бұрын шартты түрде босатудан басқа адвокат Ахметовтен мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны алып тастау мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

"Сот Ахметов мырзаны жазаның өтелмеген қалған мерзімінен мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза түрлерінен босату туралы мәселені зерттеуі тиіс. Сондықтан да біз соттан менің қорғауымдағы азаматтан жазаның негізгі түрі мен қосымша жазалау шараларын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қанағаттандырып, босатуыңызды сұраймын", - деді Николай Лесник.

Алайда прокурор Әсем Тергеубекова өтінішті қанағаттандыруға қарсы сөз айтты. Ол Қарағандының Қазыбек би аудандық пробациялық бақылау қызметінің ұсынған мәліметтерін тексеріп шыққанын, сотталушының түзелгені туралы мәліметтің аздық ететінін атап өтті. Судья манат Жұмақаева кеңес бөлмесіне кіріп кетті. Ол сағат 15.00-де шығады.

Еске салайық, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов жемқорлық қылмысы үшін мүлкі тәркіленіп, он жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети