21 сәуір 2021 | 16:02

Сот "СҚ-Фармация" экс-басшысын қамаудан босатудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Берік Шәріп Берік Шәріп

"СҚ-Фармация" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты іс бойынша алдын ала тыңдауда сот айыпталушыны қамаудан босатудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"СҚ-Фармация" бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты іс бойынша алдын ала тыңдауда сот айыпталушыны қамаудан босатудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының № 2 аудандық сотында Шәріптің адвокаттары қамаудан босату немесе бұлтартпау шарасын жеңілдету туралы өтініш білдірді. Берік Шәріп 361-бабтың 4-бөлігі 3-тармағы "Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану бабының бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет" бойынша айыпталған. Іс бойынша Денсаулық сақтау министрлігі жәбірленуші тарапта. Адвокат Бауыржан Бейбатыр Шәріпті тұтқындау заңсыз деп санайтынын айтты.

Берік Шәріп соттан оны қамаудан босатуды сұрады.

"Мен барлық тергеу шарасына қатыстым. Жасырынуға тырыспады, өйткені кінәсіздігіме сенімдімін. Өтінішті қолдап, қамаудан босатуды сұраймын", - деді Берік Шәріп сотта.

Адвокат Ардақ Балтықов сотқа берген өтінішінде қылмыстық істі алдын ала тыңдау кезінде тоқтатуға барлық негіз бар деп мәлімдеді.

"Қорғаушы тарап мұндай негіз бар деп санайды. Өйткені бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу бастапқыда қылмыстық іс жүргізу заңына қайшы заңсыз басталған. (...) Қолданыстағы заңнаманы бұзу туралы, залал туралы, елеулі зиян не заңсыз табыс туралы мәліметтер жоқ. Тексеру, ревизия, аудит және басқа да актілермен расталған қылмыстық құқықбұзушылық туралы арыздар, хабарлар немесе баянат сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркелуге жатпайды. Алайда аға тергеушінің баянатында мұндай тексеру актісі немесе лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану салдарынан ауыр зардап тудыру дерегін растайтын басқа құжат болғаны және баянатқа қоса тіркелгені туралы мәлімет жоқ", - деді адвокат.

Мемлекеттік айыптаушы тарап өтінішке түсінік бере отырып, Берік Шәріп ісіне қатысты тексеру актісі міндетті емес екенін айтты.

"Тексеру актісі міндетті емес. Өйткені материалдық залал осы қылмыстық құқықбұзушылық құрамының жалғыз белгісі емес. Ауыр зардаптар қатарына адамдардың жаппай инфекция жұқтыруына әкелген жағдай да кіреді. Сотқа дейінгі тергеу органы мәлімдемеде медицина қызметкерлері коронавирус инфекциясын жаппай жұқтырғанын көрсетті. Ол бірнеше рет БАҚ-та жарияланды және сотқа дейінгі тергеу басталған кезде ешқандай ресми қорытынды алуды талап етпеді", - деді прокурор.

Судья Қанат Дүйсембиев екі өтінішті де қанағаттандырудан бас тартты.

"Іс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективті зерттеуге жатады. Оған алынған дәлелдемелерді талдау, оны басқа дәлелдемелермен салыстыру, дәлелдемелерді алу көздерін тексеру кіреді. Әрбір дәлелдеме қатыстылық, жол берілушілік, шынайылық тұрғысынан бағалануы тиіс.

Шәріп ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді, оның санкциясы жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Бұлтартпау шарасын таңдау кезінде ҚІЖК-нің 136 және 147-бабы нормаларының талаптары ескерілді, күзетпен ұстаудың шекті мерзімдері өтпеген. Осыған байланысты осы кезеңде бұлтартпау шарасын өзгертуге негіз жоқ", - деді судья өз үкімінде.

Еске салайық, 2020 жылдың 10 шілдесінде "СҚ-Фармация" ЖШС Басқарма Төрағасы Берік Шәріп қызметінен босатылған болатын. Ол "СК-Фармация" басқармасының төрағасы қызметіне былтыр 21 сәуірде келген.

Артынша 14 тамызда басқарманың бұрынғы төрағасы Берік Шәріп ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети