"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының құрылыс департаментінің экс-жетекшісі Қажымұрат Үсеновтен сотта жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан ақша жымқыру ісі бойынша күдікті.
"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының құрылыс департаментінің экс-жетекшісі Қажымұрат Үсеновтен сотта жауап алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан ақша жымқыру ісі бойынша күдікті.
Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясынан қаражат жымқыру ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.
"Менің мойындауым EXPO-да жұмыс істегенім жайлы. Кетуім керек еді. Білсем барлығының тоқтауы керек екенін мойындаймын. Егер нақты білсем, келмес едім. Параның берілетінін білдім, бірақ мен бірдеңе дей алатын жағдайда емеспін. Бұл менің қателігім. (...) Мен келісімшарттарды толтырдым, жұмыс жаздым, осыған маған жалақы төленді. Содан кейін ғана штаттан тыс екенімді білдім. Мен есептерге қол қойдым, соған сәйкес маған ақша төленді, бірақ мен неліктен штатта жоқ екенімді сұрамадым", - деп мәлімдеді Үсенов сотта.
Ал "айыптаулармен келісесіз бе, қаражат жымқыру салдарынан әрекетіңіз шығын келтірді және мүлік шығынын келтірді дегенге қалай жауап бересіз?" деген сұраққа ол былай деп мәлімдеді:
"Бұл бөлімде мен тағылған айыпты мойындамаймын, мен не болғанын айтып беріп отырмын. Мен өзім шығын келтірген жоқпын".
Үсеновтен жауап алынып жатқан сәтте судья Талғат Ермегияевке ескерту жасады. "Сотталушы Ермегияев, тұрыңыз. Сізге күлкілі ме? Үсенов сұраққа жауап беріп жатыр, ал сізге күлкілі. Сіз цирктесіз бе?", - деп сұрады Әділхан Шайхисламов.
Жауап алу кезінде прокурор Үсеновтен Southfork ltd ЖШС атқарушы директоры Сейіт Сейітов жайлы сұрады. Ол бір күн бұрын сот алдында жауап берген еді.
"Жауабыңызда сіз Сейітовтің барлық қаражаттың Ермегияевке кетіп жатқанын, ақшасының жоқ екенін айтқанын және Сіздің Ермегияевке Сейітовтің бұл жұмыс үшін параның кем дегенде 10-20 пайызын бергеніне күмәнмен қарайтыныңызды айттыңыз. Осы бөлімді түсіндіріп өтсеңіз", - деп сұрады прокурор Үсеновтен.
"Мен пайызбен айттым, 15-20 пайызды Ермегияев мырзаға оның бергенін, осыны айттым", - деп жауап берді Үсенов.
Қажымұрат Үсенов ұлттық компаниядан 2014 жылдың қаңтарында баласы Мақсат Үсеновтің көлікпен алты адамды қағуы жайлы дауынан кейін қызметтен кеткен еді.