Сотталған экс-әкім қазақстандықтарды құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Экс-шенеунік құттықтау хатын Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Экс-шенеунік құттықтау хатын Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол өткен жыл өзінің күрделі оқиғаларымен есте қалғанын жазды.

"Армысыздар ағайын! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Халқымыздың жаңа жылында өмірдің жаңа парағын ашып жатырмыз. Өткен жыл өзінің күрделі оқиғаларымен есте қалды. Бірақ, оның бәрі де - өтті, кетті. Күн артынан күн туып, өмір жалғасуда. Кіндігім осы елге байланған ер азамат болғандықтан, елмен бірге боламын. Кешегі көрісу күні аясында халқыммен қайта қауышуға ниеттімін. Сіздердің мейірімді де кең құшақтарыңыздың алдында менің жүрегім де, жүзім де ашық.

Жаңару айында, рахым мен кешірім айында Сіздерге жақсылық пен бақ-береке тілеймін. Пандемиядан аман шығып, еркін ойнап-күлген күндер қайта оралсын. Ұлыс оң болсын!", - деді Болат Бақауов.

Жері қолданушылары да экс-әкімді мейраммен құттықтап, жылы тілектерін жазып жатыр.

Айта кетейік, бұл Бақауовтың ұсталғаннан кейінгі Желідегі алғашқы жазбасы. Бір жылға жуық шенеунік ештеңе жарияламады. Оның Instagram-дағы соңғы суреті 2020 жылдың 15 қаңтарында салынған. Дәл осы күні оны өзіне немесе басқа адамдарға я ұйымдарға билікті немесе лауазымды өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады. Осы баптың санкциялары мүлік тәркілеу және бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Бірақ Бақауов одан жеңілірек бап  бойынша сотталды.

Көлігі - Lexus, бес баланың әкесі. Сіз кімсіз, Павлодар облысы әкімі?

Еске салайық, былтыр мамырда Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сот үкімімен экс-әкімге көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынды. Бұдан бөлек ол 100 сағат уақыт қоғамдық еңбекке жұмылуға міндеттелді. Оған қоса Бақауов 10 мың доллар қайтаруға міндеттелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.1  course up  588.04  course up  6.35  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro