Сотталған Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагим колонияда немен айналысып жүр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталған Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагим колонияда немен айналысып жүр? Жомарт Ертаев

Bank RBK-дан миллиардтаған ақша жымқырғаны үшін сотталған Бақыт Ибрагим колонияда термист болып жұмыс істейді, ал Жомарт Ертаев тағы бір қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bank RBK-дан миллиардтаған ақша жымқырғаны үшін сотталған Бақыт Ибрагим колонияда термист болып жұмыс істейді, ал Жомарт Ертаев тағы бір қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті хабарлады.

Ведомство мәліметінше, мамырда Ертаев Нұр-Сұлтан қаласындағы тергеу изоляторына ауыстырылды. Алайда ҚАЖК өкілдері экс-банкир не үшін айыпталып жатқанын нақтыламады.

"Жомарт Ертаев биыл мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/1 аралас қауіпсіздік мекемесінде. 

Тергеу изоляторына келген соң мекеменің медицина қызметкерлері айыпталушыға толық клиникалық-зертханалық тексеру жүргізді, тергеу қамауындағы адамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық", - делінген ҚАЖК төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Дамир Тайжановтың қолы қойылған жауапта.

Qazaq Banki бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимге келетін болсақ, ол Алматы облысындағы колонияда. Бұл орташа қауіпсіздік мекемесі, онда былтыр шілдеде келген. ҚАЖК мәліметінше, Ибрагим колонияда жұмыс істеп, металл бөлшектерді өңдеу бойынша маман болып жұмыс істейді.

"Бақыт Ибрагим медициналық көмекке жүгінбеді, денсаулық жағдайына шағымданбайды. Оның мекеме отрядын абаттандыру бойынша еңбекке адал көзқарасы үшін бір көтермелеуі бар. Сотталушы "Еңбек-Жауғашты" кәсіпорны филиалдарының бірінде, атап айтқанда "Ер-Төстік" компаниясында жұмысқа орналасты. Ол термист болып жұмыс істейді", - деді комитеттегілер.

Еске салайық, 2020 жылдың қарашасында экс-банкир Жомарт Ертаев пен Qazaq Вanki бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим тиісінше 11 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Олармен бірге тағы 34 адам сотталды, көпшілігі әртүрлі түрме жазасын алды.

Кейінірек, былтыр мамырда Жомарт Ертаев басқа қылмыстық іс бойынша сотталды. Бұл жолы ол Bank RBK және Qazaq Banki, сондай-ақ Еуразиялық банктен несие ақшасын жымқырғаны үшін сотталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети