"Сотталғандар көзі мен аузын тігіп тастаған": колонияда тексеріс жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сотталғандар көзі мен аузын тігіп тастаған": колонияда тексеріс жүреді Видео кадрлары

Желіде Жезқазғандағы АК-159/25 түрмесінде түсірілген видео тарап жатыр. Онда көзі мен аузы тігілген сотталғандар түрме басшыларының азаптайтынын айтып, есірткі мен ұялы телефондарды көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Жезқазғандағы АК-159/25 түрмесінде түсірілген видео тарап жатыр. Онда көзі мен аузы тігілген сотталғандар түрме басшыларының азаптайтынын айтып, есірткі мен ұялы телефондарды көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотталғандардың бейне үндеулері YouTube хостингінде жарияланды. Олар түрме әкімшілігі сотталғандарды азаптайтынын айтқан. Сондай-ақ, видеода ер адамдардың көздері мен ауыздары тігілгені байқалады. Видео барысында олар өлі деп табылса, онда шындық үшін өлтірілгенін айтады.  

Бірқатар басқа роликте сотталғандар камераға есірткі мен смартфондарды көрсетеді. Олар марихуана мен ұялы телефондарды колониядағы жағдайды ешкімге жарияламау үшін АК-159/25 қызметкерлері бергенін айтады.

Бұл роликтер желіде жарияланғаннан кейін Жезқазған колониясындағы жағдайға Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомстводағылар видеода сотталғандар - Н.Б.Баймаханов, Ж.Р.Жармаханов және М.Х.Сапаров екенін атап өтті. ҚАЖД мәліметтері бойынша, сотталғандардың үшеуі де аса ауыр қылмыс жасағаны үшін Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АК-159/25 мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

"Видеода үш ер адам мобильді құрылғыларды көрсетіп, есірткі заттарын қолданады, тыйым салынған заттарды мекеме қызметкерлері бергенін айтады. Мән-жайды анықтау үшін мекемеге прокуратура өкілдері мен Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы бірлесіп тергеу-жедел тобы барды. Тергеу барысында сотталғандардан жауап алынып, ұялы телефондар тәркіленді", - деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері.

Ведомстводағылар АК-159/25 сотталғандарды ұстаудың камералық түрі қарастырылған аралас қауіпсіздік мекемесі екенін айтты. Ал шағымданғандар бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған және олар белгіленген режимді қасақана бұзады екен.

"Егер қызметтік тергеу нәтижелері бойынша мекеме қызметкерлерінің белгіленген режимді бұзуға қатысы анықталса, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылады, ішкі істер органдарынан босатуға немесе қылмыстық жауапқа тартуға дейін. Тергеу барысын ҚАЖ комитетінің басшылығы бақылайды",-деді Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети