Сотталғандар Шерзаттың отбасына өтемақы төлейді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталғандар Шерзаттың отбасына өтемақы төлейді Фото: ©Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Шерзат ісі бойынша айыпталушылар марқұм жасөспірімнің отбасына моральдық зиян үшін өтемақы төлеуі керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шерзат ісі бойынша айыпталушылар марқұм жасөспірімнің отбасына моральдық зиян үшін өтемақы төлеуі керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айыпталушы Абзал Шынасыл жәбірленушілер – Қаржаубай Нұрымов, Гүлбарам Бейшембиева және Жұмабике Қадыроваға 20 миллион теңгеден өтеуі тиіс.

Равиль Сакиев Қаржаубай Нұрымовқа, Гүлбарам Бейшембиеваға және Жұмабике Қадыроваға 15 миллион теңгеден өтеуі тиіс.

Қалған айыпталушылар әр жәбірленушіге 10 миллион теңгеден өтемақы төлеуі тиіс.

Кәмелетке толмаған Ы.-ға жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.

Айта кетейік, бүгін, 5 мамырда Талдықорған сотында тоғыз айыпталушыға үкім шығарылды.

Тергеу мәліметінше, Шерзатқа пышақ жарақатын салған басты айыпталушы – Абзал Шынасыл 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Равиль Сакиев 20 жылға сотталды. Қалған айыпталушылар 7 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Кәмелетке толмаған Ы.Д. 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети