Сотталғандар терминалдар арқылы электрон форматта арыз-шағым бере алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталғандар терминалдар арқылы электрон форматта арыз-шағым бере алады

Алматыда Бас прокуратураның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған терминалдар арқылы электрон форматта арыз-шағым беру құқықтарын жүзеге асыру мақсатында сотталғандармен кездесу өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түрксіб аудандық прокуратурасымен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-нің №13 мекемесінде сотталғандардың Бас прокуратураның ақпараттық жүйесімен интеграцияланған терминалдары арқылы электрон форматта арыз-шағым беру құқықтарын жүзеге асыру мақсатында сотталғандармен кездесу өткізілгені айтылды.

"Сотталғандарға арыз-шағымдарды кедергісіз беру және онлайн заңгерлік кеңестер алу алгоритмі түсіндірілді. Кездесуде терминалдармен жұмыс істеу барысында туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды. Сотталғандар терминалдардың жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-атқару жүйесіне цифрлық технологияларды енгізудің өзектілігін ескере отырып, мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізілетіні айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети