05 маусым 2014 | 16:25

Сотталғандар үлгілі және тәртіпсіз деп бөлінетін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Парламент Сенатының депутаттары жаңа Қылмыстық-атқару кодексі жобасын екінші оқылымында мақұлдады, жоба сотталғандарды ынталандыру мен жазалау жүйесін енгізуді қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Парламент Сенатының депутаттары жаңа Қылмыстық-атқару кодексі жобасын екінші оқылымында мақұлдады, жоба сотталғандарды ынталандыру мен жазалау жүйесін енгізуді қарастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сотталғандардың заңды сыйлайтын мінез-құлқын ынталандыру мақсатында жазаны орындау мерзімінде жаза өтеушілер тәртібінің деңгейін анықтау ұсынылып отыр, ол жаза өтеу жағдайларын мейлінше саралауға мүмкіндік береді", - делінген жоғарғы палатаның конституциялық заңнама комитетінің қорытындысында.

Тәртібі жақсы делінген сотталғандардың өзін үш деңгейге бөліп қарастыру көзделеді. Ал тәртібі нашарлар жаза өтеудің белгіленген тәртібін бұзушылар, жаза өтеудің белгіленген тәртібін жүйелі түрде бұзушылар және жаза өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылар деп жіктелетін болады.

Сенаттың бұл заң жобасына жауапты комитетінің өкілдері сотталғандар тәртібін деңгейлерге бөлу жаза өтеу мекемесінің түрін, жаза өтеу жағдайын және басқа да шарттарды өзгертуге негіз болады деп есептейді. Сотталғандар тәртібінің деңгейін түзеу мекемесінің бастығы анықтайды.

"Кодекстің қабылдануы жазаның бас бостандығынан айырудан басқа түрлерін кең қолдануға, пенитенциарлық және постпенитенциарлық мекемелердегі қылмыстың қайталануын азайтуға, сотталғандардың әлеуметтік жағынан бейімделуіне және қоғамның сотталғанды тәрбиелеу процесіне қатысу тетіктерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды", - делінген комитеттің қорытындысында.

Бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Күреңбеков мұндай жағдайдың сотталғандарды өз тәртібін жақсартуға ынталандыратынын айтқан болатын. "Заң бұзғандар, әрине, қарапайым жағдайдағы орыннан мейлінше қатаң тәртіптегі орынға ауыстырылады. Ол жұмсайтын төменгі қаражат көлемі қысқарады, оның кездесу, сәлем-сауқат алу мүмкіндіктері азаяды. Ал жеңілдетілген жағдайдағы сотталғандарда қаражат көп болады. Төменгі қаражат мөлшері 2 емес, айталық, 3-4 болады. Ол еркін жүріп-тұруға, кездесуге мүмкіндік алады", - деп түсіндірген еді вице-министр.

Еске салайық, Қылмыстық-атқару кодексі жобасында сәлем-сауқат беруге тыйым салу қарастырылған еді. Бірақ мәжілісмендер бұл ұсынысты қолдамады. Сондай-ақ депутаттар заң жобасына сотталғандарға сақал қоюға тыйым салуды қарастыратын норма енгізуге де қарсы болды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети