Сотталғандарға сақал қоюға тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталғандарға сақал қоюға тыйым салынуы мүмкін ©РИА Новости

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа жобасына сотталғандардың сыртқы түріне қатысты жаңа ережелер енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару кодексінің жаңа жобасына сотталғандардың сыртқы түріне қатысты жаңа ережелер енгізуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заң жобасында сақалға тыйым салу туралы ереже бар", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова журналистерге кодекс жобасы талқыланған отырыстан соң.

"Кодекс жобасында Үкімет ұсынған бір бап бар, онда бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендердің құқықтары мен міндеттері және белгілі бір тыйымдар туралы. Ол егжей-тегжейлі жазылған. Кодексте детальді түрде жазудың қажеті жоқ, сотталғандардың сыртқы келбеті таза, ұқыпты болуы керектігі нақты айтылса жеткілікті. Сондықтан біз негізгі ұстанымдарды ғана қалдыруды жөн көрдік, ал шаш қанша сантиметрге қиылуы керек, жиналған төсек қандай болуы керек, нені істеуге болады, нені істеуге болмайды - мұның бәрі заңға қосымша актілер деңгейінде қаралуы керек", - деді Бычкова.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети