Соттылық және қарыз: Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істейді ме?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Соттылық және қарыз: Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істейді ме? Олжас Әбішев. Фото:gov.kz

Әлеуметтік желілерде сотталған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа оралғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде сотталған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігіне жұмысқа оралғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Олжас Әбішев Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ғылыми-техникалық кеңесте жасанды интеллект бойынша секцияны басқарғаны туралы ақпарат тарады. Оның әлеуметтік желілердегі парақшасында да осы кеңестегі жұмыс орны көрсетілген.

Сонымен қатар, кейінгі жазбаларының бірінде 10-11 қазанда Астанада V республикалық форум аясында сессияға қатысатынын жариялаған.

Министрлік не дейді?

Tengrinews.kz сауалына берген жауабында Денсаулық сақтау министрлігі Олжас Әбішев ведомствоның штаттық қызметкері емес екенін хабарлаған. Соған қарамастан, ол ғылыми-техникалық кеңес жұмысына қатысады. Десе де арада ешқандай еңбек қатынасы рәсімделмеген.

Ол не үшін сотталды?

2022 жылғы қазанда сот Олжас Әбішевті "Лауазымдық өкілетін теріс пайдалану" бабы бойынша кінәлі деп танып, оған 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ, сот одан және Біртановтан мемлекет пайдасына 1,3 миллиард теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети