27 қаңтар 2014 | 14:57

Соттың Үсенов ісін тоқтатпасқа амалы қалмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Жоғарғы соты қадағалаушы сот алқасының төрағасы   Ақылтай Қасымов. © ҚР Жоғарғы соты қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов. ©

Мақсат Үсенов жәбірленуші жақпен ымыраға келді, сол себепті сот заңды сақтай отырып, оны тұтқыннан босатты. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Тергеу органдары Қылмыстық кодекстің 67-бабы негізінде жәбірленушінің келісімімен қылмыстық істі тоқтатқаннан кейін тергеу изоляторынан босату туралы шешім материалдары аудандық сотқа жіберілді. Сот органына, әрине, заңды қатаң сақтай отырып, айыпталушыны босату туралы шешім шығарудан басқа ештеңе қалмады, өйткені қылмыстық іс тоқтатылған еді", - деді Қасымов Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде. Қадағалаушы сот алқасының төрағасы қолданыстағы заңнамаға сәйкес, құқық қорғау органдарының жеңіл және орташа ауыр қылмыстар бойынша тараптар ымыраға келген жағдайда қылмыстық істі тоқтатуға міндетті екенін атап өтті. "Қайтыс болған адамның әкесі Үсеновке ешқандай наразылығы жоқ екенін, оған кешірім беретінін және ымыраласуға келісетінін айтып, арыз жазды", - деген Қасымов Үсенов ісінде құқық қорғау органдары мен сот жүйесінің қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамаларына сай әрекет еткенін айтты. "Егер екі жақ өзара ымыраласпаған болса, заң құқық қорғау және сот органдарына мұндай шешім шығаруға мүмкіндік бермес еді... Шағымдануға құқық беріледі, бірақ ол да жәбірленушіге байланысты. Жәбірленуші бұл шешімге шағым білдіре ме, ол жағын білмеймін", - деді қадағалаушы сот алқасының төрағасы. Еске салайық, Алматыда алты адамды қағып кеткен Мақсат Үсеновке қатысты қылмыстық іс оның жәбірленушімен ымыраласуына байланысты тоқтатылған еді. Қаңтардың 23-і күні Үсенов тергеу изоляторынан босатылды. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша ірі көлемде айыппұл төледі және жәбірленушілер отбасының шығынын өтеп берді. Оқиға желтоқсанның 1-і күні болған еді. Машина қағып кеткен алты жігіттің біреуі қайтыс болып, қалған бесеуі түрлі деңгейде жарақат алды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети