15 мамыр 2014 | 22:40

"Союз ТМА-13М" экипажы "Байқоңырға" келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Бейсенбі күні "Байқоңырға" "Союз ТМА-13М" ғарыш кораблінің негізгі және қосалқы экипаждары келді, - деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне ғарыш айлағындағы дерек көзі.


Иконка комментария блок соц сети

Бейсенбі күні "Байқоңырға" "Союз ТМА-13М" ғарыш кораблінің негізгі және қосалқы экипаждары келді, - деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне ғарыш айлағындағы дерек көзі.

Құрамында командир Максим Сураев, бортинженерлер Рид Вайзман (НАСА) және Александр Герст (ЕҒА) бар негізгі экипаж отырған ұшақ "Крайний" әуежайына Астана уақытымен 16:10-да қонды. Жарты сағаттан кейін дублерлар Антон Шкаплеров (Роскосмос), Саманта Кристофоретти (ЕҒА) және Терри Вертс (НАСА) келді.

Келіп түскен ақпаратқа қарағанда, экипаждар "Байқоңырда" ұшу алдындағы дайындықтарының қорытынды кезеңін өткізеді. "Ғарышкерлер мен астронавттардың алдағы екі аптадағы жаттығулары "Гагарин атындағы ҒДО ҒЗСО" ФМБМ оқу-жаттығу кешеніндегі сынақ базасының 17 ғарыш айлағы алаңында өтеді. Сондай-ақ экипаждар 254 алаңның монтажды-сынақ корпусында ұшуға дайындалып жатқан, "Союз ТМА-13М" басқарылатын көлік кораблінде екі жаттығу-өлшеу өткізеді", - деп хабарлады дерек көзі.

"Союз-ФГ" зымыран-тасымалдаушының "Союз ТМА-13М" басқарылатын көлік кораблімен ұшу уақыты 29 мамыр күні сағат 01:57-ге (Астана уақытымен) жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети