25 қыркүйек 2014 | 17:54

Спанч Боб шенеуніктер талқылайтын мәселе емес - саясаттанушы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Қазақстандық белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев шенеуніктер мәдениет, дін, психология салаларына араласпауы керек деп есептейді. Оның пікірінше, мультфильмдердің зиянын айтқан шенеуніктер сол арқылы "аянбай қызмет етіп жатқандарын" көрсеткісі келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Білім және ғылым министрлігі балаларға арналған кейбір мультфильмдерге қатысты алаңдаушылық білдірген болатын, әсіресе, олар Спанч Бобты сынға алды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев шенеуніктер мәдениет, дін, психология салаларына араласпауы керек деп есептейді. Оның пікірінше, мультфильмдердің зиянын айтқан шенеуніктер сол арқылы "аянбай қызмет етіп жатқандарын" көрсеткісі келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Білім және ғылым министрлігі балаларға арналған кейбір мультфильмдерге қатысты алаңдаушылық білдірген болатын, әсіресе, олар Спанч Бобты сынға алды.

"Шенеуніктердің көтеріп, талқылайтыны мұндай мәселелер болмауы керек. Спанч Боб туралы мультфильмді қарау-қарамау - әркімнің өз еркі. Тыйым салу еш нәтиже бермейді - қазір Қазақстанда барлық ақпарат көзі ашық, сондықтан кім көргісі келсе, сол мультфильм қараудың тетігін табады. Егер Сусорғыш Бобтың зиянына келсек, Made in Russia сериалдары туралы да ойлану керек, олар бандитизм мен қылмысты насихаттайды", - дейді Сәтпаев.

Спикер Қазақстан өз мультфильмдерін шығарып, бәсекелестік күрес жүргізуі керектігін айтады. "Менің ұлым "Балапан" отандық арнасын қарайды. Бәсекеге қабілетті жергілікті өнімдердің санын көбейту керек, сонда ата-ана оны балаларына қуана-қуана көрсетеді. Кітаптар жазылуы керек, соның ішінде, қазақ тілінде. Қазақстандық авторлардың балаларға арналған әдебиетін табу өте қиын. Мемлекет немен айналысып отыр?" - дейді ол.

Ал Қазақстан психологтер қауымдастығының президенті Владимир Стеблянко бұған қарсы пікір білдірді. Оның айтуынша, елде телеарналардың батыста шығарылған сапасы төмен өнімдерді көрсетуіне тыйым салған жөн. Қатігездік пен рухсыздықты насихаттайтын мультфильмдерді балаларға көрсетуге болмайды, соның ішінде, ресейлік өнімдерді. Олар психиканы бұзады. 

"Сіз "Маша мен аюды" көрдіңіз бе? Ол - зиянды ғана емес, бала психикасын бұзатын шығарма да. Мультфильмде аю сондай мейірімді, ал Маша қыз оны мүмкіндігінше қорлайды. Баланың миында мінез-құлықтың сондай моделі қалыптасады, олар соны санасында сақтап, өмірде қолданатын болады. "Зубастик", "Картонка" сияқты кейіпкерлерде мән де, руханилық та жоқ. Мультфильм баланы сүйіспеншілікке, жақсы қатынастарға, құрметке баулуы тиіс. Батыстың шығармалары бұл құндылықтарды екінші орынға ысырып қойған, олар үшін басты орында - мансап, билік, материалдық құндылықтар. Мен Спанч Бобты көрмедім, бірақ зиянды мультфильмдерді көрсететін арналарға тыйым салу керек деп есептеймін", - деді Стеблянко.

Еске сала кетейік, 24 қыркүйек күні Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің төрайымы Зәбира Оразалиева мультфильмдерге қатысты пікірін айтқан еді. Ол Спанч Боб туралы мультфильм балаларды бұзақылыққа итермелейді деп есептейді. 

"Мұндай бұзақы мінез-құлық баланың санасында қалып қояды. Әрбір отбасында баланың теледидар қарауына көп уақыт беретін ересек адам табылады, көпшілігі баланы теледидардың алдына жалғыз қалдырып кетеді", - деді Оразалиева. Бұдан кейін әлеуметтік желіде қызу талқылау басталды. Қолданушылар шенеуніктер Спанч Боб туралы мәселе көтере отырып, халықтың назарын маңызды проблемалардан басқаға аударуға тырысады. 

Бұрын Astana film анимациялық студиясының режиссері Адай Әбілдинов те Спанч Боб атты кейіпкерге қатысты пікір білдірген еді. "Том мен Джерриді, Спанч Бобты - түсініксіз сусорғышты, дөрекі айтқанда, бүгінгі балаларға үлгі болған ұсқынсыз немені көрсетіп жатады. Спанч Бобтың айтатыны, істейтіні дөрекі әзілдер, оны біздің телеарналар көрсетіп, қазақ тіліне аударады, бұл тіпті масқара... Оны балаларға көрсетуге тыйым салынады!" - деді ол. Ол батыс мультиктеріне қарсы тұру үшін жақсы отандық өнім шығаруға болатынын айтты, ондай өнімдер қазақстандық анимацияның қоржынында бар. "Бірақ сапалы мультфильм шығару үшін бес миллион доллар қажет" деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети