Спортшы 9 жастағы қызды құтқарамын деп қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Спортшы 9 жастағы қызды құтқарамын деп қаза тапты Фото Ақтөбе облысының әкімдігі, depositphotos.com

Ақтөбе облысында 9 жастағы қыз бен 38 жастағы ер адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаның жай-жапсары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 9 жастағы қыз бен 38 жастағы ер адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаның жай-жапсары белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін мектеп оқушысы ойнап жүріп құдыққа құлап кеткені, ал оны құтқармақ болған көршісі қаза тапқаны хабарланған еді.

17 маусымда Байғанин ауданының Жарлы ауылында қыз жекеменшік үйдің ауласында орналасқан тереңдігі 10 метр ескі құдыққа құлап кеткен. Құдық пайдаланылмаған, қоқысқа толып, үсті дөңгелекпен жабылған.

Құдыққа құлап кеткен қызды құтқаруға 38 жастағы Нұрбол Бердіғалиев ұмтылған. Ол - еркін күрестен жаттықтырушы және алты баланың әкесі. Ол құдыққа түскен, бірақ қайта шыға алмаған. Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпеновтің айтуынша, екеуінің де өліміне алдын ала болжам бойынша улы газбен улану себеп болған.

"Бұл – екі отбасы пайдаланған ескі құдық. Оның үстін ағашпен және дөңгелекпен жауып қойған. Үш бала құдықтың жанында ойнап жүргенде, қыз құлап кеткен. Құдықтың тереңдігі – шамамен 10 метр. Құдық пайдаланылмаған, ішіне қоқыс тасталған. Көршісі Нұрбол Бердіғалиев көмекке асығып, төмен түскен, бірақ түбіндегі газдан уланған. Кейін екеуінің денесін құтқарушылар шығарып алды", – деді аудан әкімі.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жедел жәрдем жеткенге дейін екеуі де көз жұмған. Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Нұрбол Бердіғалиев. Сурет Ақтөбе облысы әкімдігінен алынған

Қаза тапқан Нұрбол Бердіғалиев Байғанин балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып жұмыс істеген.

Облыс әкімдігі мәліметінше, ол 2017 жылы Жарлы ауылына көшіп келіп, еркін күрестен жаттықтырушы болып жұмысын бастаған. Сол уақыттан бері ол республикалық және облыстық жарыстардың ондаған жүлдегері мен жеңімпазын тәрбиелеген. Оның шамамен 20 шәкірті Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети