"Спортшыларымыз кезекті рет отандық спорттың жоғары дәрежеде екенін дәлелдеді" деп мәлімдеді Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі өзінің Twitter-дегі аккаунтында жазды, - деп хабарлайды pm.kz.

#Rio2016 XXXI жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Спортшыларымыз кезекті рет отандық спорттың жоғары дәрежеде екенін дәлелдеді! Алға #KAZ!
— Карим Масимов (@KarimMassimov) 22 августа 2016 г.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиадада әр түрлі дәрежеде 17 медаль жеңіп алып, 22-орында аяқтады.
Сонымен, әлемдік аренада Қазақстанның көк туын желбіретіп, ұлттық әнұранымызды шырқатқан спортшыларымызды еске түсірсек: алтын медальдар - Нижат Рахимов (зілтемір көтеру), Дмитрий Баландин (жүзу), Данияр Елеусінов (бокс); "күміс" - Жазира Жаппарқұл (зілтемір көтеру), Елдос Сметов (дзюдо), Василий Левит және Әділбек Ниязымбетов (бокс), Гюзель Манюрова (еркін күрес); қола жүлдегерлер - Отгонцэцэг Галбадрах (дзюдо), Фархад Харки, Карина Горичева, Александр Зайчиков (зілтемір көтеру), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Эльмира Сыздықова мен Екатерина Ларионова (еркін күрес), Иван Дычко мен Дариға Шәкімова (бокс).