Спорттан басқаға ақшалай бәс тігуге тыйым салынбақшы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Николай Ескендіров. ©Тengrinews.kz Николай Ескендіров. ©Тengrinews.kz

Қазақстанда спорттық емес шараларға бәс тігуге тыйым салынуы мүмкін деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған букмекерлік кеңсе өкілдері наразы. "Заң жобасы шеңберінде нағыз спорт оқиғаларынан басқа шараларға бәс тігуге тыйым салынады. Бұл жерде қисынмен қарау керек, заңның бұл редакциясы букмекердің құқығын жақсы белгілейді, букмекер бәс, ұтыс тігуге болатын шараларды өзі анықтайды делінген", - дейді Қазақстанның Букмекерлер мен тотализаторлар қауымдастығының президенті Николай Ескендіров ойын бизнесі мәселелері жөніндегі заң жобасының таныстырылымы кезінде. Ол букмекерлік тарақандар жарысы негізінде туғанын еске салды. "Бүгінде әлемде спорттық шараларға ғана емес, саяси-әлеуметтік өмірдегі оқиғаларға да ұтыс қойылады. "Оскар" сыйлығы өткенде кең ауқымда бәс тігілді", - деді Ескендіров. Қауымдастық президентінің айтуынша, қазақстандық букмекерлерге спорттық емес шараларға ұтыс ойнатуға тыйым салынса, адамдар бәрібір бәс тігіседі, бірақ шетелдік букмекерлік кеңселерге баратын болады. Ескендіров заңның тотализаторлар мен букмекерлік кеңселерге салықты арттыратын тұстары туралы да түсінік берді. "Бизнеске жасалған шектеулер мен күрделендірулердің кері эффект беретіні сөзсіз: бизнес көлеңкеге ауысады немесе сондай ауырлықтың салдарынан кенже қала бастайды. Егер біз дамуды тоқтатсақ, әрине, біз ойыншыларымызға шетелдіктермен ойнауға мүмкіндік береміз. Мұндай түзетулер шетелдк бизнестің пайдасына шешіледі", - дейді қауымдастық басшысы. Оның дәйегінше, 2013 жылы букмекерлер 1,5 млрд теңге салық төлеген, бұл бизнестің айналымы жылына 30 млрд теңгені құрады, букмекерлердің табысы - 10%. "Егер заң жобасында қарастырылғандай салық екі есе көбейсе, букмекерлердің бар табысы салыққа кетеді", - дейді Ескендіров.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro