ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2021 | 15:05
"Спутник V" әлі күнге халықаралық сертификат алмағаны таңғаларлық жағдай - Тоқаев
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік короновирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының әлі халықаралық сертификат алмағанына таң қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік короновирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының әлі халықаралық сертификат алмағанына таң қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен өзім "Спутник V" салдырғандықтан бұл вакцинаның корновирусқа қарсы тиімді екенін айта аламын. Оның әлі күнге халықаралық сертификат алмағаны таңғаларлық жағдай ", - деді Тоқаев Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында.
Президенттің айтуынша, халықаралық сертификатты алу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бірқатар шартын орындау қажет - "шамамен 26 тармақ". "Қажетті сертификатты алу үшін осы тармақтардан өту керек сияқты", - деп қосты ол.
Сонымен қатар, Тоқаев "де-факто "Спутник V" бүкіл әлемде мойындалғанын және 60-тан аса ел бұл вакцинаны қолданып жатқанын айтты.
Пиезидент модератырдың сұрағына Ресеймен елімізге вакцина жеткізу туралы келіссөздер барысында ешқандай алдын ала шарттар қойылмағанын айтты.
Еске салайық, Президент сәуірде "Спутник V" вакцинасын салдырған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также