06 сәуір 2021 17:28

Тоқаев "Спутник V" вакцинасын салдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:akorda.kz Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Президенттің вакцина салдырғаннан кейінгі хал-жағдайы жақсы. Ешқандай жанама әсерлер жоқ", - деп жазды Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулер алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев барша халықты мейлінше тезірек вакцина салдыруға шақырды. Бұл – өзіңді және жақыныңды қорғаудың жалғыз жолы", - деп толықтырды ол.

2021 жылдың қаңтарында Президент коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сәтті сынақтан өткен жағдайда екпе салыдартынын айтқан

"Отандық вакцинаны тестілеудің оң нәтижесінен үміттіміз. Егер жақсы нәтиже болса, мен қазақстандық вакцинаны салдырамын", - деді Тоқаев 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Қарағанды фармацевтика кешенінде ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіру басталды. Бастапқыда зауытта 2 миллион доза өндіру жоспарланған болатын. Ақпанда Үкімет Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын өндіруге 15 миллиард теңге бөлді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети