07 сәуір 2021 16:27

Цой Тоқаев неліктен "Спутник V" вакцинасын салдырғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Президенті неліктен "Спутник V" вакцинасын салдырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Президенті неліктен "Спутник V" вакцинасын салдырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

"Спутник V" де қазақстандық вакцина, яғни ол Қазақстанда өндірілген. Иә, субстанция Ресейде жасалды және барлық жерде, қораптың сыртында да вакцина Қазақстанда жасалған деп жазылған", - деді ДСМ басшысы. 

Телеарна мәліметінше, Алексей Цой қазақстандық препарат QazVac (QazCovid-In) шығуын күтеді.

Еске салайық, кеше, 6 сәуірде Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтика зауыты шығарған "Спутник-V" вакцинасын салдырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеген болатын. 

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы вакцина салдырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы ғана Қазақстан азаматтары коронавирусты жеңе алатынына, барлық шектеулер алынатынына, халықтың қалыпты тұрмыс-тіршілігіне қайта оралатынына сенімді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети